Басты бет
Мәслихат
Мәслихат хатшысы
Мәслихат депутаттары
Мәслихат аппараты
Мәслихат комиссиялары
Мәслихат сессиялары
Қабылдау кестесі
Нормативтік құқықтық актілер
Мәслихат фотогалереясы
Мәслихат жаңалықтары
Қаласының құрметті азаматтары
Сыбайлас жемқорлықпен курес
Array
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ! PDFБасып шығаруE-mail
Жаңалықтар мен оқиғалар
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама
Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19, № 32 кабинет,  «Риддер қаласының мәслихат  аппараты» мемлекеттік мекемесі, 071300, тел.: 8(72336)42450, 42461,факс (72336)42930, e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Риддер қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің басшысы(санаты Е – 3) –лауазымдық жалақысы бар 1 бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты 102465,63  теңгеден 138213,57  теңгеге дейін;
Функционалдық  міндеттері:
- Мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімі қызметкерлерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Заңын және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін бұлжытпай орындауға бақылау жүргізеді. Соттарда және басқа құқыққорғау органдарында мәслихаттың мүддесін қорғайды.
- Мәслихатқа келіп түскен қолданыстағы заңнаманы пайдалану және сақтау сұрақтары бойынша құжаттарға құқықтық сараптама жасайды.
- Қалалық мәслихат жұмысы туралы аналитикалық анықтама, ақпараттар, жазбалар дайындайды.
- Мәслихат сессияларының шешімдерін және мәслихат хатшысының өкімдерін, азаматтардың хаттарын, арыздарын, қызметтік хат-алмасуды орындау бойынша жұмыстарды іске асырады.
- Заңды және жеке тұлғалардың өтінімдерін қарастыру бойынша ЭҚАБЖ бағдарламалық қамтамасыздығының жұмысын жүзеге асырады.
- Қызметтерді жеткізушілермен мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарына сәйкес келісімшарттар құру бойынша заңнамалық сараптама жүргізеді.
- Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының, депутаттық фракцияларының жұмыстарында, шешімдер, қаулылар, өкімдер жобаларын, сонымен қатар мәслихатпен дайындалатын басқа да   нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде қатысады, олар бойынша заңгерлік сараптама жасайды, нормативтік құқықтық актілерге қарар қояды, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу үшін тиісті әділет органына жолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. Қол қоюға ұсынылатын шешімдердің, өкімдердің, ережелердің, нұсқаулықтардың, ережелердің, регламенттердің және басқа құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.
- Сайлау мәселелерімен айналысады, қаланың сайлау комиссиясын құру барысында заңнаманың қадағалануын бақылайды.
-  Жедел мәжілістерде, еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды әзірлеуде және іске асыруда қатысады, құзіреттілік аясында сыбайластық жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, сыбайластық жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жол бермеу және жою бойынша іс-шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
- Депутаттарға және мәслихат аппаратының жұмысшыларына құқықтық сұрақтар бойынша ақыл-кеңес береді, қорытындылар, анықтамалар береді.   Депутаттар және мәслихат аппаратының қызметкерлері үшін жалпы құқықтық білім беру сабақтарын өткізеді.
- Мәслихат аппаратының болашақты әрекеттер жоспарын әзірлеу бойынша жұмысты жүргізеді.
Конкурс қатысушыларына  қойылатын негізгі талаптар:
- білімі: құқық бөлімі мамандықтары бойынша жоғары (құқықтану, юриспруденция, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі);
   -   келесі құзіреттің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
  -    жұмыс тәжірибесі келесі қойылған талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы  санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурсқа қатысушыларына  қойылатын жалпы талаптар:
Конкурсқа  қатысуға ниет білдірген азаматтар «Риддер қаласының мәслихат аппараты» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде құжаттарды тапсырады.
Мемлекеттік органның электронды пошта мекенжайына электронды түрде немесе немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде құжаттарды тапсырған кезде олардың түпнұсқалары сұхбаттасу басталардан бұрын кем дегенде екі сағат бұрын ұсынылуы тиіс. Құжаттар түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия тұлғаға сұхбаттасуға рұқсат бермейді. Құжаттардың толық жиынының тапсырылмауы немесе дәйкесіз ақпараттың ұсынылуы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
1.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі  төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы  № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға  арналған  конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса берілген);
 2. Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық жиынының тапсырылмауы немесе дәйексіз ақпараттың ұсынылуы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
          Ішкі конкурсқа қатысатын және сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер оны сұхбаттасуға үміткерлерді жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде  «Риддер қаласының мәслихат аппараты» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
Құжаттарлы қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған соңғы күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19, 071300 мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефондары: 8(72336) 4-24-61, факс 8(72336) 4-29-30, электронды мекенжай: e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .
Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күннен кешіктірмей  Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.
 
Жаңартылған 10.05.2018 10:27
 

Пайдалы сілтемелер

gos simkz

posl pkz

2