123213123123331
БАСТЫ БЕТ
МӘСЛИХАТ
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР
МӘСЛИХАТ ШЕШІМДЕРІ
МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ
МӘСЛИХАТ ФОТОГАЛЕРЕЯСЫ
МӘСЛИХАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КУРЕС
Array
2018 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚИЫРШЫҚ ТАСТЫ ТӨСЕМІ БАР ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ТУРАЛЫ PDFБасып шығаруE-mail
Жаңалықтар мен оқиғалар

2018 жылғы 26 қыркүйекте  экология, абаттандыру және коммуналдық меншік бойынша тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті (қосым.қар: отырыс хаттамасы). Күн тәртібіне  Риддер қаласында  2018 жылы орындалған қиыршық тасты төсемі бар жолдарды жөндеу жұмыстары туралы мәселе енді.

Комиссия төрағасы О. А. Беляевпен депутаттардың 2018  жылғы                    11 қыркүйектегі № 7 тұрақты комиссияның отырысында қала бюджетін нақтылау туралы мәселені қарау кезінде берген хаттамалық тапсырмасының негізінде өткізілген көшпелі отырыстар кезінде алынған материалдар ұсынылды. «Риддер қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» ММ берілген деректерге сәйкес 2018 жылғы ағымдағы қиыршық тасты төсемі бар жолдарды жөндеуге 60 617 000 теңге бөлінген және игерілген. Өлшеулерді жүргізу кезінде комиссиялық түрде орындалған жұмыстардың сәйкессіздігі анықталды, атап айтқанда:

-        жөндеу жұмыстары жүргізілетін орындардағы алаңдағы үлкен айырмашылық (тиісінше жұмысқа ақы төлеуде);

-        мемлекеттік сатып алу туралы шартқа техникалық ерекшелікке сәйкес себу материалының қажетті нормаларға сәйкес келмеуі.

отырыс қорытындысы бойынша депутаттар «Риддер қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» ММ тексеру және жүргізілген өлшеу арқылы алынған ақпаратты қарауды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды ұсынды (қосым.қара: зерттеу актілері және салыстырмалы жазба)

 2018 жылғы 28 қыркүйекте кезекті отырыс өтті (қосым.қара: отырыс хаттамасы)

2018 жылы Риддер қаласында қиыршық тасты жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша өткізілген тексеруге байланысты, 2018 жылғы 14 қарашадағы комиссиялық шығу өтті.

Комиссия құрамында: алтыншы шақырылған Риддер қалалық мәслихатыынң депутаттары О.А. Беляев, В.А. Козлов, «ШЫҒЫСЖОЛЛАБОРАТОРИЯ» РММ инженері Д.Жаұзақов, «Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаменті» РММ маманы М.Қ.Садуов, «Риддер қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы Қ.М.Мұхамедчинов, «Риддер қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ маманы Н.К.Көккөзов.

Комиссия жұмысы тоқтатылған соң «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ хат әзірленіп жолданды (қосым.қара).

Жаңартылған 23.11.2018 08:26
 

Пайдалы сілтемелер

gos simkz

posl pkz

2